$ 479.82  559.9  6.15

Тұман, жаңбыр: Елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райы сақталады

Астанада түнде және таңертең тұман.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 11 сәуірде елдің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Абай облысының солтүстігінде, батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, шығысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырауда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с.

Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың батысында, орталығында, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбеде солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында 15-20 м/с. Қостанайда тұман күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Түркістанда солүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. 11 сәуірде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде сақталады, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі. Талдықорғанда жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, облыстың орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатың жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жезқазғанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман.

Астанада түнде және таңертең тұман.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0