Адам өліміне әкелген екі көліктің соқтығысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қостанай облысында жантүршігерлік жол апаты болып, төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Апат Қостанай – Әулиекөл – Сұрған тасжолында болған. Жолда Mercedes-Benz E 200 және ВАЗ-2107 автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан төрт адам қаза тапты.
Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, адам өліміне әкелген екі көліктің соқтығысу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Mercedes-Benz E 200 көлігінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан көліктер бетпе-бет соқтығысқан. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.