$ 473.13  554.08  6.13

Астанадан қонаққа келген: Қарағандыда 4 жасар бала терезеден құлап кетті

Ата-анасы мен туыстары басқа бөлмеде болған сәтте, қараусыз қалған бала терезеден құлап кеткен.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қарағандыда төрт жастағы бала пәтер терезесінен құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

12 сәуір күні Қарағанды қаласының Гүлдер-1 шағын ауданында қайғылы жағдай болды. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтердің терезесінен 2022 жылы туған бала құлап кеткен.

Бала ата-анасымен бірге елорда – Астана қаласынан қонаққа келген. Ата-анасы мен туыстары басқа бөлмеде болған сәтте, қараусыз қалған бала терезеден құлап кеткен. Бала ауыр жағдайда, көптеген жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлады Қарағанды облысының ТЖД баспасөз қызметі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0