Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
Блогерді Ішкі істер министрлігі Интерполмен бірлесіп, Камрань қаласында ұстады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұған дейін блогер заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Ол әлеуметтік желілерде онлайн-казиноның жарнамалық видеоларын жүйелі түрде жариялап, қолданушыларды құмар ойындарға тартқан. Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде күдікті 100 миллион теңгеден астам заңсыз табыс тапқан. Ақшалай қаражат оның атына тіркелген криптовалюта әмиянына аударылып отырған, – деп атап өтті ІІМ.
Қазіргі уақытта оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.
ІІМ шетелде жасырыну әрекеттері қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын ескертті.
Іздеуде жүрген әрбір адам анықталады, ұсталады және Қазақстанға жеткізіледі. Бұл тек уақыт мәселесі, – делінген ведомство хабарламасында.