$ 473.13  554.08  6.13

Ақтауда ер адам экс-сүйіктісін ұрып, интимді суреттерін әлеуметтік желіге жариялап жіберген

Нәтижесінде бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалып, заңды күшіне енді.

Фото: pixabay
Фото: pixabay

Ақтауда 23 жастағы ер адам экс-сүйіктісіне қатысты интимдік материалдарды таратқаны және оны соққыға жыққаны үшін үш жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Сотта анықталғандай, ер адам бойжеткеннің қарым-қатынасты тоқтату туралы шешімімен келіспей, кек алмақ болған. Ол әлеуметтік желіде жалған аккаунт арқылы бұрынғы сүйіктісінің интимді фотосуреттерін жариялап жіберген. Сонымен қатар ол бойжеткенді аңдып жүріп, кейіннен жанжал кезінде оны бірнеше рет мобильді телефонымен ұрған.

Сот оны жеке өмірге қол сұғу және дербес деректер туралы заңнаманы бұзу, сондай-ақ денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (ұрып-соғу) бойынша кінәлі деп таныды. Бас бостандығынан айыру жазасымен қатар, сот моральдық зиян ретінде 1 млн теңге көлемінде өтемақы өндіріп берді.

Қорғау тарапы үкімге шағым түсіріп, тергеу барысында заң бұзушылықтар болғанын алға тартқанымен, апелляциялық сот бұл уәждерді негізсіз деп тапты.

Нәтижесінде бірінші сатыдағы сот үкімі өзгеріссіз қалып, заңды күшіне енді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0