$ 474.08  558.28  6.26

Дәрігердің салғырттығы ма, әлде жүйенің ақауы ма: 13 жастағы бала өлімі қоғамды дүр сілкіндірді

Туыстарының айтуынша, баланы алғаш тексерген дәрігерлер толық қарамай, үйіне жіберген.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Аурухана – үміт сыйлайтын орын еді, бірақ бұл жолы қайғылы оқиғаға айналды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Ақтаулық 13 жастағы жасөспірімнің өлімі қоғамда үлкен сұрақ туғызды. Туыстарының айтуынша, баланы алғаш тексерген дәрігерлер толық қарамай, үйіне жіберген. Арада уақыт өткенде оның жағдайы күрт нашарлап кеткен. Кейін белгілі болғандай, соқырішегі жарылып, инфекция бүкіл ағзаға тараған.

Бала тек жағдайы ауырлаған соң ғана Алматыдағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қанша тырысқанымен, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған. Мамандар инфекция ота кезінде жұққан болуы мүмкін деген болжамды да жоққа шығармайды.

Алайда бұл іске қатысты медицина қызметкерлері тек сөгіспен шектелгені қоғамның ашуын туғызды.

Қайғылы жағдай денсаулық сақтау саласындағы жауапкершілік мәселесін тағы да көтерді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0