$ 469.52  553.75  6.15

Бір телефонмен тіркелген екі компания қалайша миллиардтаған тендерді ұтып жүр?

Бұл жағдай Мәжілісте көтерілді.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының төңірегінде тағы бір сұрақ туындады. Тендерге қатысып жүрген «Тұмар» мен «Ақназар» атты екі компанияның байланыс нөмірі бірдей екені айтылып отыр. Соған қарамастан, екеуі де ірі келісімшарттарды ұтып алып келеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Депутат Бақытжан Базарбек компания басшылығына нақты сұрақ қойды: бір телефонмен тіркелген екі ұйым қалайша миллиардтаған тапсырыстарды иеленіп отыр?

Ал Қазатомөнеркәсіп өкілі бұл салаға кез келген кәсіпорын кіре бермейтінін айтып, уран өндірісінің ерекшелігіне сілтеме жасады. Дегенмен, нақты түсініктеме берудің орнына «жұмыс барысында анықтаймыз» деген жауаппен шектелді.

Бұл жағдай мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі ашықтыққа қатысты жаңа күмән тудырып отыр. Бір байланыс дерегі бар компаниялардың қатарынан жеңіске жетуі – жай сәйкестік пе, әлде жүйелік мәселе ме? Сұрақ әзірге ашық күйінде қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0