$ 469.52  553.75  6.15

«Атамның соңғы аманаты орындалатын болды»: Мұхтар Шаханов Отырарда жерленбек

Фото: Әдебиет порталы/Әйгерім БЕГІМБЕТ
Фото: Әдебиет порталы/Әйгерім БЕГІМБЕТ

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың жиені Қайырхан Балғабеков атасының соңғы аманаты орындалатынын мәлім етті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жазушы өзі өсиет еткен жер – Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерленетін болды.

«Аллаға сансыз шүкір, атамның соңғы аманаты орындалатын болды. Атамыз Отырарда жерленеді», - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, ақынның жары Ханшайым Шаханова Мемлекет басшысына жолдаған өтініш хатында Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты – оны ата-бабаларының киелі мекені Отырар өңіріндегі Арыстанбаб кесенесінің іргесіне жерлеу екенін айтқан болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0