$ 469.52  553.75  6.15

Мұхтар Шахановтың архив видеолары жарыққа шықты (ВИДЕО)

Мұхтар Шаханов ең алдымен айқын азаматтық ұстанымы мен биік адамгершілік көзқарасымен танылған тұлға еді.

Фото: Әдебиет порталы
Фото: Әдебиет порталы

Көрнекті ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың бұрын көпшілікке белгісіз архивтік видеолары жариялана бастады. Бұл жазбаларда ақынның әр жылдардағы шығармашылық кештері, сұхбаттары мен қоғамдық пікір білдірген сәттері қамтылған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мұхтар Шаханов ең алдымен айқын азаматтық ұстанымы мен биік адамгершілік көзқарасымен танылған тұлға еді. Оның шығармашылығында ар-ождан, адалдық, адам жауапкершілігі, ұлт тағдыры және қазақ тілін сақтау мәселелері тұрақты түрде көтеріліп отырды.

Ақын поэзиясы тек көркем сөзбен шектелмей, қоғамдағы өзекті мәселелерге үн қосқан өткір ойларымен ерекшеленді. Ол қай кезеңде де шындықты ашық айтып, халық мүддесін қорғауды басты орынға қойды.

Желіде тараған архивтік видеоларға қатысты көпшілік жылы пікір білдіруде. Қолданушылар ақынның өткір ойлары мен батыл сөздері бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпағанын айтып, оның рухани мұрасының маңызын атап өтуде.

Айта кетейік, Мұхтар Шахановтың шығармашылық және қоғамдық қызметі қазақ руханиятында ерекше орын алады. Оның еңбектері бірнеше буынға бағыт-бағдар беріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге зор үлес қосты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0