Туынды көрерменге ақынның шығармашылығын жаңа қырынан танытып, оның шындықты ту еткен қайраткерлік бейнесін айқындай түседі.
«Qazaqstan» телеарнасында көрнекті ақын, қоғам қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановқа арналған «Шындығын жоғалтпаған ақын» атты деректі фильм көрерменге ұсынылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Туындыда қаламгердің өмір жолы, шығармашылық ізденісі және ел мүддесін қорғаудағы азаматтық ұстанымы кеңінен қамтылған. Фильм авторлары ақынның тек әдебиеттегі емес, қоғамдық-саяси өмірдегі рөліне де ерекше назар аударған.
Деректі фильмде Мұхтар Шахановтың тәуелсіздік кезеңіндегі ұлт руханиятына қосқан үлесі, тіл мен мәдениет мәселелеріндегі белсенділігі, сондай-ақ қоғамдағы өзекті тақырыптарға қатысты батыл пікірлері көрсетіледі. Сонымен қатар, ақынның замандастары мен әріптестерінің естеліктері арқылы оның тұлғалық болмысы жан-жақты ашылады.
Туынды көрерменге ақынның шығармашылығын жаңа қырынан танытып, оның шындықты ту еткен қайраткерлік бейнесін айқындай түседі.
Айта кетейік, «Шындығын жоғалтпаған ақын» деректі фильмі бүгін сағат 14:25-те «Qazaqstan» телеарнасынан көрсетілді. Қызығушылық танытқан көрермендер туындыны арнаның ресми платформаларынан да тамашалай алады.