$ 469.49  552.59  6.24

Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

Әңгімелесу барысында сауда-экономика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.

Мемлекеттер басшылары қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейін көтеруге келісті.

Әңгімелесу барысында сауда-экономика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.

Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыру маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0