$ 469.49  552.59  6.24

«Қазақ емес, малғұн!»: Журналист Шахановқа тіл тигізген Серікжан Біләшке қарсы шықты (ВИДЕО)

"Мұхтар Шахановты сынайтындай сен кім едің?"

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Қытайда туып-өскен, қоғам белсендісі Серікжан Біләш күні кеше дүниеден өткен ақын, халық жазушысы Мұхтар Шаханов туралы әлеуметтік желіде ауыр сөздер айтып, халықтың ашуына тиді, деп хабарлайды  Sn.kz ақпарат порталы.

«Ол кісі ол жаққа бізден ертерек бара тұрады екен. Ол жаққа барғанда, 2019 жылы менің үстімнен арыз жазып, сотқа сүйрегені үшін жағасына жармасамын ғой. Арыз жазғанымен қоймай, сотта куәгер де болған еді. О дүниеге барғанда ол кісі өтірік алжып, білмегенсиді. Періштелер де шыңғыртып хақымды алып бергенде, құтыла алмайды ғой. Жақсы адам емес, өлеңі керемет. Бірақ ісі керемет емес. Шығарманы өте керемет жазады, ақындық талантын мойындаймын, бірақ арсыз. Менің жауабым – осы. Мұхтар Шаханов өлді дейді. Өлсе, енді көрінде өкірсін басқа не айтамын. Оған Жаратушының лағнеті жаусын. Мені соттапты, мен сондықтан оны өмір бойы жек көріп өтемін. Енді «Мұхтар Шахановтың қасында кімсің? Оның ақындығы керемет» дейтіндерге айтарым: онда сені де, сенің балаңды да біреу Мұхтар Шаханов сияқты ірі ақын, тұлға соттатсын. Сол кезде сенің осы сөзді айтқаныңды көремін. Әмин», - деді ол ТикТок әлеуметтік желісінде.

Танымал блогер Абзал Ибрашев Серікжанның бұл пікіріне ашуланып, елге кіргізбеу керектігін айтты.

"Бұл Қытайда туып-өскен Серікжан Біліш. Еліміздегі опозиционерлер бұны пір тұтады. Айтқан сөзіне Құдайындай сенеді. Бұл өз заманында Қытайдан елге келген қандас болатын, қазір Америкада тұрады. Қытайда жүргенде талай қандай бауырларымызды түрмеге жаптырған. Қытайдан келген қандас бауырлардан сұрасаңыздар бұның бүкіл тарихын айтып береді. Мұхтар Шахановты сынайтындай сен кім едің? Мұхтар Шахановтың қазақ үшін жасағанының сен бір пайызында жасаған жоқсың ғой. Мінберде қазақ үшін сөйледің бе? Әрине, жоқ! Сенің жеткен жерің осы деп ойлаймын. Мұндай қазақтың 1000 жылда бір туатын тұлғаларын аяққа таптаған адамды елге кіргізбей-ақ қойса деймін. Бұл еркек емес ез екенін тағы да бір рет дәлелдеді", - деді блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0