$ 464.73  546.57  6.19

«Сондай қуаныштымын!»: Моңғолия Президенті қазақ блогерімен кездесті (ВИДЕО)

Бұл жағдай екі ел арасындағы мәдени байланыстың бір көрінісі ретінде бағалануда.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Моңғолия президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх қазақстандық блогер Нұргелді Кердешпен кездесті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы астаналық блогер өзінің Instagram парақшасында жазып, мемлекет басшысымен кездесу әкесімен бірге өткенін атап өтті.

Нұргелді Кердеш кездесуден кадрлар жариялап, бұл жүздесуді олардың әкесімен бірге жасап жүрген шығармашылығына жоғары деңгейде берілген баға ретінде қабылдағанын жеткізді.

“Бүгін әкем екеуміз Моңғолияның құрметті президенті Ухнаагийн Хүрэлсүхпен кездестік. Осындай жоғары лауазымды тұлғалардың біздің шығармашылығымызды бағалағанына өте қуаныштымыз”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ блогер Моңғолиядағы оқырмандарына алғыс білдіріп, жақын уақытта бұл елге баруды жоспарлап отырғанын айтты. Кездесу барысында қандай мәселелер талқыланғаны әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Айта кетейік, Нұргелді Кердеш – Астанадан шыққан танымал қазақстандық блогер. Оның контенті ерекше эстетика мен юмордың үйлесімі арқылы көпшілікке кеңінен танылған. Блогтың басты ерекшелігі – әкесімен бірге түсіретін видеолары. Онда ол әкесін заманауи трендтерге қатыстырып немесе тұрмыстық жағдайларда әзілмен көрсетіп, үлкенге деген құрметті сақтай отырып, көрерменнің ықыласына бөленіп жүр.

Осындай форматтың арқасында блогердің аудиториясы Қазақстаннан тыс елдерге де кеңейіп, оның ішінде Моңғолияда да танымалдыққа ие болды. Бұл жағдай екі ел арасындағы мәдени байланыстың бір көрінісі ретінде бағалануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0