Қазіргі таңда бастаманы 179 адам қолдаса, 55 адам қарсы пікір білдірген.
Алматыдағы ірі көшелердің бірі – Абдолла Розыбақиев көшесі атауын Мұхтар Шаханов есімімен алмастыру туралы петиция жарияланды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Петиция авторлары Шахановтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына қосқан үлесін, мемлекеттік тілдің мәртебесін қорғаудағы еңбегін және Желтоқсан оқиғасы тарихи тұрғыдан ақтаудағы рөлін ерекше атап өткен.
Қазіргі таңда бастаманы 179 адам қолдаса, 55 адам қарсы пікір білдірген. Өтініш мәтінінде Шахановтың есімін қала картасында мәңгі қалдыру – ел тәуелсіздігі мен ұлттық құндылықтарды қорғаған тұлғаға көрсетілетін лайықты құрмет екені айтылған.
Бастама көтерушілердің пікірінше, ұзындығы шамамен 7 шақырымды құрайтын бұл көше қаладағы маңызды білім беру және қоғамдық нысандарды байланыстырып жатыр. Сондықтан ол Шаханов сынды тұлғаның ауқымына сай келеді.
Сонымен қатар авторлар Абдулла Розыбакиев еңбегін жоққа шығармай, оның есімін ұлықтаудың өзге жолдарын қарастыруды ұсынған.
Аталған петиция Алматы қаласының ономастикалық комиссиясына жолданған. Егер бастама қолдау тапса, мәселе қоғамдық талқылауға шығарылып, кейін қалалық мәслихаттың қарауына ұсынылады.