Бұған процестік келісімді талқылау себеп болды.
Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша сот процесі дүйсенбіге, 27 сәуірге қалдырылды. Бұл туралы прокурор Олжас Хайруллаев сұрады, - деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сілтеме жасап.
Бұған процестік келісімді талқылау себеп болды. Мемлекеттік айыптаушы мәміле бойынша шешім қабылдау үшін қосымша уақыт сұрады. Оның айтуынша, тараптар келісім шарттарын талқылауды жалғастыруы қажет.
"Процестік келісім жасасуға байланысты, оның шарттарын талқылау аясында бізге әлі уақыт қажет. Қазіргі уақытта осыны талқылап жатырмыз", - деді Олжас Хайруллаев.
Сот отырысты дүйсенбіге, 27 сәуір сағат 15:00-ге қалдыру туралы шешім шығарды.