$ 454.31  528.04  5.25

Каспийді сақтаймыз! Жаңа адамдар RES 2026 халықаралық саммитінде

аңа адамдар жүздеген белсендісі жағалаудағы елдерді теңізді сақтау үшін күш біріктіруге шақырды.

Фото: Жаңа адамдар
Фото: Жаңа адамдар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Қазақстанда RES 2026 халықаралық экологиялық саммиті өтті. Шараға Орталық Азия, Кавказ және Моңғолия елдерінің көшбасшылары қатысып, экология мен тұрақты даму мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Еріктілер Жылы мен экологиялық бастамаларға арналған халықаралық сессия аясында Жаңа адамдар Қозғалысының көшбасшысы Асель Баденова сөз сөйледі. Өз үндеуінде ол Каспий теңізін сақтау мәселесіне жасампаз патриотизм және азаматтардың жеке жауапкершілігі тұрғысынан назар аударды. Сондай-ақ табиғатқа жанашыр болудың Конституцияда бекітілуі — Өркениетті Қазақстанның бағыт-бағдары екенін атап өтті.

Осы бағытта Жаңа адамдар Қозғалысы бірнеше жыл бойы экология саласында жүйелі жұмыс жүргізіп, рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтаудан бастап, халықаралық деңгейдегі креативті акцияларға дейін жүзеге асырды.