Абай облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Синоптиктер Қазақстан аймақтарында 2026 жылғы 28 сәуірде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам ұсынды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Таратылған ақпарға сүйенсек, ел бойынша қолайсыз ауа райы күтіледі.
"Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалымен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр жауады, елдің оңтүстік-шығысы мен шығысының таулы аймақтарында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, шығыста бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Орталықта, республиканың қиыр батысында жауын-шашынсыз. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстікте шаңды дауыл күтілуде", делінген Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарламасында.Кейбір өңірлерде үсік күтіледі:
Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында, Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының солтүстігінде, шығысында 1-3 градус үсік күтіледі. Абай облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.Сондай-ақ, келесі аймақтарда:
Абай облысының орталығында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Палодар облысының солтүстігінде өрт қаупі жоғары. Жетісу облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтілуде.