$ 460.8  541.21  6.13

«Лифт түймесімен төбелесіп...»: Алматыда қызды сабаған ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалды

Ол оқиға орнынан түсірілген бейнебақылау камерасындағы кадрларды жариялап, мынадай жазба қалдырды:

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Алматының «Ақкент» ықшамауданында лифт шақыру түймесін теуіп, артынша жанында тұрған қызға аяусыз қол көтерген ер адам ұсталды. Полиция оның үстінен қылмыстық іс қозғады деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы KazTag-қа сілтеп.

Бұл жаға ұстатарлық жағдай туралы алғаш болып белгілі журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Ол оқиға орнынан түсірілген бейнебақылау камерасындағы кадрларды жариялап, мынадай жазба қалдырды:

«Ақкент» ықшамауданында бір "асүй боксшысы" пайда болыпты. Алдымен ол лифт түймесімен төбелеспек болды, содан кейін жанында тұрған қызды ұрды. Меніңше, жігіт қатты шаршаған сияқты, оған 10-15 күндей бәрінен демалу керек шығар. Полиция оны тез тауып, есін жиғызады деп үміттенемін».

Бейнежазба желіде тарағаннан кейін, Алатау аудандық полиция басқармасы шұғыл әрекетке көшті. Көп ұзамай 26 жастағы күдікті анықталып, тұтқындалды.

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше:

  • Жәбірленуші қызға дене жарақаттарын келтіргені үшін Қылмыстық кодекс аясында іс қозғалды. Күдіктінің әрекетіне жан-жақты құқықтық баға берілетін болады.

  • Сонымен қатар, қоғамдық орында агрессия танытып, тәртіп бұзғаны үшін оған «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша да әкімшілік жауапкершілік жүктелді.

Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#төбелес #лифт