Отырыс барысында депутат Бақытжан Базарбек бұл мәселені ашық көтеріп, жүйедегі олқылықтарды сынға алды.
Мәжіліс атқарушылық іс жүргізуді жетілдіруге қатысты заңнамалық өзгерістерді мақұлдады. Бұл құжат жеке сот орындаушыларының жауапкершілігін күшейтуге бағытталған.
Депутаттардың айтуынша, кей жағдайда жеке сот орындаушылар борышкерлердің көлігіне дейін бұғат қою арқылы олардың табыс табуына кедергі келтіріп отыр. Соның салдарынан азаматтар қарызын өтеудің орнына, керісінше, тығырыққа тіреледі.
Отырыс барысында депутат Бақытжан Базарбек бұл мәселені ашық көтеріп, жүйедегі олқылықтарды сынға алды.