$ 457.21  534.62  6.08

Ақтөбе облысында ауыл маңына дрон құлаған (ВИДЕО)

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, нысан далаға таңғы сағат 08:30 шамасында құлаған.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Ақтөбе облысында Әлімбет ауылының маңынан ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жергілікті тұрғындардың мәліметінше, нысан далаға таңғы сағат 08:30 шамасында құлаған.

Куәгерлер құлаған дыбысты естігенін, содан кейін жарылыс болғанын айтады. Оқиға сәті видеоға түсіп қалған көрінеді.

Аппараттың фрагменттері елді мекеннен шамамен 2,5 шақырым жерден табылды.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті нысанның табылғанын растап, тексеру басталғанын хабарлады.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, Қарғалы ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтарына ұқсас заттардың табылу дерегі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізуде. Аталған нысан елді мекеннен тыс аумақта анықталған. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, - деп атап өтті ведомстводан.

Айта кетейік, Әлімбет ауылы Қарғалы ауданында, Ресей шекарасына жақын жерде, Орск қаласының маңында орналасқан. Елді мекенде мыңға жуық адам тұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0