Сондай-ақ елдің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады.
2026 жылғы 30 сәуір, бейсенбі күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде антициклон жотасының әсері сақталады. Соған байланысты көбіне жауын-шашынсыз, ашық ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алайда "Қазгидромет" РМК синоптиктерінің мәліметінше, елдің батысында, солтүстік-батысында, сондай-ақ оңтүстігінде және оңтүстік өңірлердің таулы аймақтарында кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Солтүстік-батыс пен оңтүстік-батыста бұршақ түсуі мүмкін. Ал кейбір аудандарда, әсіресе солтүстік-батыс пен оңтүстікте, желдің екпіні күшейіп, дауылды жағдайлар болуы ықтимал. Республика бойынша жел күшейіп соғып, тұман түсуі де болжанады.
Сонымен қатар түнгі уақытта Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында ауа температурасы -2 °C-қа дейін төмендеп, үсік жүруі мүмкін.
Сондай-ақ елдің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары және өте жоғары деңгейде сақталады: