$ 448.15  483.46  4.86

Винокуров Бельгия прокуратурасы таққан айыпты мойындамады

Винокуров өзіне тағылған айыпты шу шығару деп есептейді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазақстандық велошабандоз, Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров бельгиялық БАҚ өкілдері таратқан ақпаратқа қатысты түсінік берді» деп хабарлайды Vesti.kz. Еске салайық, бұған дейін еуропалық ақпарат құралдары Бельгия прокуратурасы Александр Винокуров ресейлік спортшы Александр Колобневке пара берді деп хабарлаған еді.  

Тергеу мәліметі бойынша, 2010 жылы Винокуров бір күндік «Льеж – Бастонь – Льеж» бәйгесінің мәресінде Колобневтің жеңіліп қалуы үшін оған 150 мың еуро берген.

– Бұл – бұрыннан келе жатқан тақырып. Мүмкін біреуге бұл жағдайды әдейі пайдаланып, резонанс тудырып, бұл тақырыпта өз атын шығару тиімді шығар. Менің алып-қосарым жоқ. Мен ешкімді, ешқашан сатып алған жоқпын. Иә, тергеу жүріп жатыр. Жаңалық жоқ кезде кейбіреулер бұл тақырыпты түртпектеп, шу шығаруға тырысады, – дейді ол.

Айта кетейік, Велошабандоздардың халықаралық одағы Александр Винокуров пен Александр Колобневтің 2012 жылы пара алуы мүмкін деген айыптарына қатысты тергеу жұмыстарын бастады. Тергеудің басталуына Corriere della Sera басылымының жарыс аяқталған соң Винокуров пен Колобневтің электронды почта арқылы хат алмасқандарын жариялап жіберген материалы себеп болып отыр. Бүгінгі таңда Винокуров – «Астана» велокомандасының бас менеджері. Ал Колобнев ресейлік «Катюша» клубында өнер көрсетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары