$ 494.87  520.65  4.91

Ақтауда халықаралық брейк-данс турнирі өтті

Ақтауда брейк-данстан халықаралық «Caspian Battle» турнирі өтті. Оған Атырау, Ақтау, Жаңаөзен, Қостанай және Ресей командалары қатысты, деп хабарлайды Skifnews.kz Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтына сәлтеме жасап.

Үшінші жыл қатарынан өткен жарысқа 6-16 жас аралығындағы жастар қатысып, бақтарын сынады. Актерлік шеберлік пен шапшаң қимылды талап ететін жарысты тамашалауға жиналғандардың да қатары көп болды.

Ақтау қаласында өткен жарысқа Маңғыстау облыстық әкімшілігі қолдау көрсетті. Жарыстың ұйымдастырушысы республикалық «Break Dance» федерациясының жетекшісі Мария Гусейнованың айтуынша, Ақтау қаласында өнердің бұл түріне ден қойған жастар жыл санап көбейіп келеді екен.

– Бұл үлкен жетістік. Өйткені, халықаралық деңгейде өткізілетін жарыстарға да облыстың намысын қорғап қатыса алатын жастардың болуы керек. Жастар бос уақытын текке өткізбей спортпен айналысып, би билесе оның өзі денсаулыққа пайдалы ғой. Сондықтан да барлығыңызды брейк-данспен айналысуға шақырамын, – дейді Мария Гусейнова.

Ерекше биімен көзге түсіп, көрерменнің қолдауына ие болған атыраулық «Super Sonic» командалары ақтық сында өнер көрсетті.

Екі күн қатарынан өткен жарыстың нәтижесінде атыраулық команда І орынды иеленіп, 300.000 теңгені қанжығасына байласа, ІІ орынға ақтаулық команда табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары