$ 461.55  540.38  6.15

Қазақстан халқының бірлігі күні: елдегі этностар саны жарияланды

2026 жылғы 1 наурыздағы дерек бойынша, Қазақстан халқының жалпы саны 20 532 240 адамды құрады.

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Ертең – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке еліміздегі татулық пен достықтың символы саналады. Бүгінде 20,5 миллионнан астам қазақстандық бір шаңырақ астында түрлі ұлт пен этнос өкілдері ретінде бейбіт өмір сүріп келеді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

2026 жылғы 1 наурыздағы дерек бойынша, Қазақстан халқының жалпы саны 20 532 240 адамды құрады.

Жыл басындағы мәліметке сәйкес, елдегі ең көп санды құрайтын ұлттар:

  1. Қазақтар – 14 664 202
  2. Орыстар – 2 943 022
  3. Өзбектер – 695 557
  4. Украиндар – 367 547
  5. Ұйғырлар – 309 164
  6. Немістер – 222 890
  7. Татарлар – 218 361
  8. Әзірбайжандар – 157 568
  9. Кәрістер – 120 821
  10. Түріктер – 93 234
  11. Дүнгендер – 88 165
  12. Беларустар – 73 788
  13. Тәжіктер – 61 307
  14. Күрдтер – 52 077
  15. Қырғыздар – 41 459

Қазақстанда этностар арасындағы келісім мен өзара құрмет ел тұрақтылығының негізгі факторларының бірі болып қала береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0