30.04.2026, 21:30

Алматы маңында картон зауытындағы қойма өртенді

Фото: Видеодан алынған кадр

Кәсіпорын аумағындағы қойма ангарынан өрт шыққан. Құтқарушылар өрттің жоғарғы деңгейі бойынша жұмыс істеуде.

Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Қарасай ауданына қарасты Абай ауылында болған.

Кәсіпорын аумағындағы қойма ангарынан өрт шыққан. Құтқарушылар өрттің жоғарғы деңгейі бойынша жұмыс істеуде.

Картон зауыты аумағындағы қойма ангарында өрт орын алды, – деп хабарлады ведомство.

Алдын ала мәлімет бойынша, ғимарат ішінде адамдар болмаған. Өрттің беті қайтарылғаны айтылды.

Оқиға орнында су үздіксіз беріліп, бірнеше өрт сөндіру оқпаны іске қосылған.