$ 462.91  542.16  6.16

Алматыда жаппай төбелес болып, 2 жасөспірім ажал құшты

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция 12 күдіктіні ұстады.

Фото: © istockphoto.com
Фото: © istockphoto.com

Алматыда жасөспірімдер арасында болған жаппай төбелес екі бозбаланың өлімімен аяқталды, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

КТК арнасының мәліметі бойынша, қайғылы оқиға түнгі уақытта  компьютерлік клубтың маңында  басталып, кейін көшеде үлкен қақтығысқа ұласқан. Қаза тапқандардың туыстарының айтуынша, жасөспірімдердің бірі досынан көмек сұрап, сөйлесуге шақырған. Сол жерде шамамен 10 шақты жігіт жиналып, соңы төбелеске жалғасқан. Соның салдарынан екі жасөспірім жүрек тұсына тиген пышақ жарақатынан  көз жұмды.

Қаза тапқандардың бірі – 17 жастағы Ешім Қалдыбай. Ол 9-сыныптан кейін колледжге түсіп, қосымша жұмыс істеп жүрген. Анасының айтуынша, Ешім сол күні кешкісін 13 жастағы інісімен бірге компьютер клубына кеткеннен үйіне оралмаған.

Марқұмның анасы Әйгерім Тәуекелова ұлының өліміне әлі де сене алмай отыр. Оның айтуынша, оқиға туралы хабар кеш жеткен.

"Баламның жүрегіне пышақ тиген дейді. Бірақ қансырап ауруханаға түскенде неге бізге бірден хабар бермеген? Мүмкін, аман алып қалар ма едік?!", – дейді.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция 12 күдіктіні ұстады. Олардың барлығының жасы 17–18 аралығында. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0