03.05.2026, 18:30

Алматы облысында жаппай төбелес болды: Полиция кінәлілерді іздеп жатыр

Фото: видео скриншот

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал кезінде суық қару қолданылған.

Алматы облысының Қарасай ауданындағы Тұрар ауылында бір топ жастардың қатысуымен көшеде төбелес болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал кезінде суық қару қолданылған.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр, ал Алматы облысының полициясы төбелесті бастағандарды іздестіруде.

Оқиға орнында құқық қорғау органдары жұмыс істеп жатыр, төбелеске қатысқан барлық адамдарды анықтап, ұстау шаралары жүргізілуде.