$ 462.91  542.16  6.16

«Мен амандастым, пысқырған да жоқ»: Мақпал Жүнісованың көлігіне айыппұл салынды

Осы жағдайға байланысты әнші әлеуметтік желіде пікір білдірді. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова Өскемендегі жол полициясы қызметкерлеріне қатысты ренішін жеткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің айтуынша, ол гастрольдік сапармен Шығыс Қазақстанға барған кезде мінген көлігін тәртіп сақшылары тоқтатқан.

Әншінің сөзінше, олар көлікті біраз уақыт жібермей, кейін айыппұл салған.

Осы жағдайға байланысты әнші әлеуметтік желіде пікір білдірді.

«Мен шықтым, амандастым, пысқырған да жоқ. Әй, еркектер-ай!» – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 20
Ұнамайды 9
Күлкілі 24
Ашулы 7