Бұған АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс салдарынан теңіз жолында қозғалыстың шектелуі себеп болған.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп әлеуметтік желіде Ормуз бұғазына қатысты мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, АҚШ дүйсенбі күні Таяу Шығыс уақытымен таңертең бұл аймақта кемелерді қауіпсіз алып шығу операциясын бастамақ. Алайда аталған ақпарат әзірге ресми түрде расталмаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Трамптың айтуынша, Вашингтонға бірқатар елдер өз кемелерін Ормуз бұғазынан шығарып беруді сұрап жүгінген. Бұған АҚШ пен Иран арасындағы шиеленіс салдарынан теңіз жолында қозғалыстың шектелуі себеп болған.
«Иранның, Таяу Шығыстың және АҚШ-тың игілігі үшін біз бұл елдерге олардың кемелерін осы шектеулі су жолдарынан қауіпсіз алып өтетінімізді айттық. Осылайша олар өз жұмыстарын еркін жалғастыра алады. Бұл процесс “Project Freedom” деп аталады және дүйсенбі күні таңертең басталады», – деді ол.
Сондай-ақ Трамп операцияға кедергі келтірілген жағдайда АҚШ күш қолдануы мүмкін екенін де ескертті.