04.05.2026, 16:20

Астанада 2 жасқа толмаған бүлдіршінді көлік қағып мерт қылды

Фото: видеодан скрин

Қайғылы жағдайды елорда Полиция департаменті растады.

Астанада көпқабатты тұрғын үйдің ауласында қайғылы оқиға болды – кроссовер көлігі ойнап жүрген кішкентай баланы қағып кеткен, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. Ауыр жарақат алған бүлдіршін оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдайды елорда Полиция департаменті растады.

«Иманов көшесі бойындағы аулада “Kia” маркалы автокөліктің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде жүрген жас баланы қағып кетті. Салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде», – деп мәлімдеді ведомство.