04.05.2026, 17:00

Елордада мешіттен 1 млн теңгелік бренд күртеше ұрланған (ВИДЕО)

Фото: видеодан алынған кадр

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Астанадағы мешіттердің бірінде қымбат брендтік күртенің ұрлану дерегі тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Полиция мәліметінше, белгісіз азамат мешітке келіп,  дәлізде ілініп тұрған әйелдер киімдерінің арасынан қара түсті “Moncler” брендінің күртесін жасырын түрде алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын көлемі шамамен 1 миллион теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, оны ұстады.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабы (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.