05.05.2026, 09:30

Шымкентте жол опырылып, апат қаупі күшейді

Фото: видеодан алынған кадр

Куәгерлердің айтуынша, жол ортасы опырылып, көлікке қауіп төндіріп тұр.

Шымкенттегі көшелердің бірінде асфальт жарылып, үлкен шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Куәгерлердің айтуынша, жол ортасы опырылып, көлікке қауіп төндіріп тұр. Видео Тұран ауданында түсірілген болуы мүмкін. Автор бұл мәселе бойынша жауапты органдарға бірнеше рет шағымданғанын айтады. Алайда жол әлі күнге дейін жөнделмеген.

Тұрғындар кез келген сәтте ауыр жол апаты болуы мүмкін деп алаңдап отыр.

Жергілікті билікке жолды тез арада қалпына келтіру талабы қойылды. Қауіпті учаске белгіленбеген, жүргізушілер алдын ала ескертілмейді. Мұндай жағдай қаладағы жол сапасына қатысты сұрақтарды қайта көтерді.