05.05.2026, 18:20

«Казцинк» зауытындағы жарылыстан қаза болғандардың отбасына материалдық көмек уәде етілді

Фото: gov.kz

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, әкім құтқарушылар әлі де үйінді астын тексеріп, оның астында зардап шеккендер болса табу керек екенін айтқан.

Бүгін Өскемен қаласындағы «Казцинк» кәсіпорында болған жарылысқа байланысты Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов жедел штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

ШҚО әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, әкім құтқарушылар әлі де үйінді астын тексеріп, оның астында зардап шеккендер болса табу керек екенін айтқан.

Ал жарылыстың нақты себебін анықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылады.

«Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құруы тиіс. ШҚО Экология департаменті апатты жою штабы жұмыс істеген кезеңде атмосфералық ауа сапасына үздіксіз экологиялық мониторинг жүргізуі қажет. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына психологиялық және материалдық көмек көрсетеміз», - деді Нұрымбет Сақтағанов.

Тегтер: зауыт