$ 464.53  543.73  6.15

Еліміз Тәжікстанмен одақтастық шартты ресми бекітті

Шарт екі ел арасындағы экономикалық, қауіпсіздік және басқа да маңызды салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан Тәжікстанмен одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы одақтастық қатынастар туралы шартты ратификациялау туралы» заңға қол қойды.

Шарт екі ел арасындағы экономикалық, қауіпсіздік және басқа да маңызды салалардағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Құжатта қауіп-қатерлерге бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау, сауда байланыстарын дамыту, сондай-ақ су ресурстары мен өңірлік өзара іс-қимыл мәселелері бойынша үйлестіру қарастырылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0