$ 465.01  543.55  6.15

Астанада LRT стансасынан өрт шықты (ВИДЕО)

 Астанада LRT стансаларының бірінен дәнекерлеу жұмыстары кезінде өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға Нұрмағамбетов пен Қалдаяқов көшелерінің қиылысында болды.

Алдын ала мәлімет бойынша, дәнекерлеу барысында пластик құбырлар мен мақта тұтанған.

Өрттің жалпы аумағы шамамен 20 шаршы метрді құрады.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін жалын толық өшірілген.

Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0