$ 465.01  543.55  6.15

Шымкентте көршілердің жанжалы пышақ жарақатымен аяқталды (ВИДЕО)

Жәбірленушілердің туыстарының айтуынша, күдікті олардың көршісі болған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Оқиға Жаңа Талап тұрғын алабында болды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ер адам пышақпен екі адамға шабуыл жасап, оларға пышақ жарақатын салған.

Зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр.

Жәбірленушілердің туыстарының айтуынша, күдікті олардың көршісі болған.

Олардың болжамынша, оның психикалық ауытқуы болуы мүмкін, алайда бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

Күдікті ұсталды.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0