06.05.2026, 16:30

«Қазақмыс» кәсіпорындарында ауқымды өндірістік мониторинг жүргізілді

Фото: Қазақмыс

Аралау барысында теміржол инфрақұрылымына жақын орналасқан жаңа жерасты жолының құрылысы қаралды.

Jezqazgan Tau-ken Ondirisi бас директоры Батыс кенішінде өндірістік аралау жүргізіп, негізгі тау-кен жұмысының барысымен танысты, сондай-ақ еңбек ұжымымен кездесіп, өндіріс қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Аралау барысында теміржол инфрақұрылымына жақын орналасқан жаңа жерасты жолының құрылысы қаралды. Жобаны іске асыру кен тасымалдау қашықтығын қысқартуға және операциялық тиімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыс осы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарлануда. Порталдың ашылуы кеніштің минералдық-шикізат қорын арттыруға сеп болады.

Қолданыстағы өндірістік учаскелерге ерекше көңіл бөлінді — төртінші және бесінші кен өндіру горизонттары қаралды. Кеншілермен кездесу барысында жұмысшылардың еңбек жағдайы мен толғандыратын мәселелері талқыланды. Өнеркәсіптік қауіпсіздік талабын сақтау басым бағыт екені ерекше атап өтілді.

Сонымен бірге аралау барысында конвейер учаскесі қаралып, кен қорын ұлғайтуға бағытталған геологиялық барлау жұмысының барысы таныстырылды.

Тұрақты өндірістік аралау тәжірибесі «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма төрағасы Руслан Өскенәлінің тапсырмасы бойынша жүргізілуде және ол басшылық пен еңбек ұжымы арасында тікелей байланыс орнатуға бағытталған.

Аталған жұмыс басқару үдерісінің ашықтығын арттыруға және жұмыскерлердің өтініштеріне жедел әрекет етуге бағытталған QA корпоративтік жобасы аясында жүзеге асырылуда.

Тек 30 сәуір мен 4 мамыр аралығында компания кәсіпорындарында әртүрлі деңгейдегі 198 басшының қатысуымен 406 өндірістік аралау жүргізілді. Барлық анықталған мәселе бірыңғай дерекқорға тіркеліп, компания басшысының төрағалығымен өтетін отырыста қаралады.

Негізгі тақырыптар қатарында өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбек жағдайы, өндірістік үдерісті ұйымдастыру және ұжымның әлеуметтік ахуалы бар. Жүйелі және аса маңызды мәселелер бойынша кәсіпорындардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге және өндірістік ортаның сапасын арттыруға бағытталған басқарушылық шешімдер қабылданады.

Тұрақты өндірістік аралау тәжірибесі жалғасын табады, бұл ішкі коммуникацияның тиімділігін арттыруға және өндірісте шешім қабылдау үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді.