06.05.2026, 20:30

Алматыда студент университет ғимаратынан құлап, қаза тапты

Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл ақпаратты Abai University медиа орталығы растады.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бірінші курс студенті университет ғимаратынан құлап, қаза тапты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Бұл ақпаратты Abai University медиа орталығы растады. Қайғылы оқиға 6 мамыр күні шамамен сағат 09.00-де болған. Студент сегізінші қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмған. Университеттің психологиялық қолдау қызметінің мәліметінше, оқу жылы барысында студент психологиялық көмекке жүгінбеген және мамандарға қаралмаған. Оқиғаның мән-жайы уәкілетті органдар тарапынан анықталуда, тексеру және тергеу амалдары жүргізілуде.