07.05.2026, 17:30

Щучинсктегі дәмхана жарылысы: іске қатысты жаңа дерек шықты

Фото: видеодан скрин

Енді бұл мерзім тағы бір айға ұзартылды.

Щучьеде газ баллоны жарылысынан 12 адам қаза тапқан "Палау орталығы" дәмханасының иесін қамауға алу мерзімі тағы бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұған дейін 2026 жылдың 4 наурызында Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу соты "Палау орталығы" иесін екі айға қамауға алуға санкция берген болатын. Енді бұл мерзім тағы бір айға ұзартылды.

Ведомство Щучье қаласындағы "Палау орталығы" дәмханасында болған өртке байланысты Қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі: "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.