$ 463.41  546.27  6.18

«Дайындалып жатырмыз»: Дариға Бадықова ел арасында тараған қауесетке жауап берді

Оның сөзінше, әлеуметтік желі қолданушылары арасында «тұрмысқа шыққалы жатыр» деген болжамдар айтылып жүр.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Қазақстандық актриса әрі продюсер Дариға Бадықова алдағы шығармашылық жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің айтуынша, жуырда елімізде ауқымды әрі күрделі көркем фильмнің түсірілімі басталуы мүмкін. Ол қазіргі таңда үлкен жобаға дайындық жүріп жатқанын жеткізді.

Сонымен қатар актриса жеке өміріне қатысты ел арасында тараған әңгімелерге де пікір білдірді. Оның сөзінше, әлеуметтік желі қолданушылары арасында «тұрмысқа шыққалы жатыр» деген болжамдар айтылып жүр.

«Өзіміздің елде өте күрделі фильм түсіреміз. Біреу маған “Күйеуге шығайын деп жатыр” деп жазыпты. Ондай әңгімелер айтылып жатыр. Бірақ ол — болашақтың еншісінде. Қазір үлкен жобаға дайындалып жатырмыз», – деді ол НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0