Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қызылорда облысының әкімі лауазымына Мұрат Ергешбаев тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.
– Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Нұрлыбек Нәлібаевтың ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған едік.