$ 463.41  546.27  6.18

Германияға бет алған Air Astana ұшағы Ақтөбеге шұғыл қонды (ВИДЕО)

Әуе кемесінің экипажы стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қону туралы шешім қабылдады.

Фото: Air Asrtana баспасөз қызметі
Фото: Air Asrtana баспасөз қызметі

Air Astana әуе компаниясы Ақтөбеге ұшақтың мәжбүрлі қонуына қатысты түсініктіме берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

8 мамырда Астана-Франкфурт бағыты бойынша KC921 рейсін орындайтын ұшақ Астанадан сағат 08:54-те ұшып шығып, техникалық себеппен 11:34-те Ақтөбеге қонған.

Әуе кемесінің экипажы стандартты қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес қону туралы шешім қабылдады.

"Қону штаттық режимде өтті. Жолаушыларды одан әрі тасымалдау үшін әуе компания Алматыдан резервтік ұшақ жіберді және рейстің жолаушылармен Ақтөбе қаласынан ұшуы бүгін 14.20-ға жоспарланған", – делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2