$ 463.41  546.27  6.18

Кепілсіз кредит беру көбейе ме? «Бәйтерек» банктердің тәуекелін өз мойнына алмақ

Қазір әр банк кепілзатқа әртүрлі талап қояды.

Фото: Бәйтерек ҰБХ
Фото: Бәйтерек ҰБХ

“Бәйтерек” холдингі енді кәсіпкерлерге берілетін несиелер бойынша банктерге кепіл болуды күшейтеді. Яғни бизнес иелерінің мүлкі жетпей жатса да, екінші деңгейлі банктер кредит беруі мүмкін, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Холдинг басшысы Рустам Қарағойшиннің айтуынша, жаңа өзгеріс “Өрлеу”, “Іскер Аймақ” және “Өрлеу Лизинг” бағдарламалары аясында жүзеге асады. Мақсат – шағын және орта бизнеске қаржыны қолжетімді ету.

Оның сөзінше, қазір әр банк кепілзатқа әртүрлі талап қояды. Сондықтан кәсіпкерлердің көбі несие ала алмай жүр. Осы мәселені жеңілдету үшін “Бәйтерек” банктерге кәсіпкер үшін кепілдік береді.

“Кей жағдайда банктерге кәсіпкер үшін 85 пайызға дейін кепілдік береміз. Қаржыландыру көлемі 7 миллиард теңгеге дейін жетеді”, – деді холдинг төрағасы.

Яғни кәсіпкердің кепілге қоятын мүлкі аз болса да, мемлекет қолдайтын бағдарламалар арқылы несие алу мүмкіндігі артуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0