Құтқарушылар келгенге дейін үйден 9 адам, оның ішінде 4 бала өздігінен көшеге шығып үлгерді.
Ақмола облысына қарасты Қосшы қаласында ер адам пәтерімен бірге тірідей өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бүгін таңертең Қосшы қаласында үш қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкеннің төбе жабындысы өртенген. Түтін кіреберіс бойына тез тарап, пәтерлерге кірген.
Құтқарушылар келгенге дейін үйден 9 адам, оның ішінде 4 бала өздігінен көшеге шығып үлгерді.
"Барлау және құтқару жұмысы барысында өрт сөндірушілер үшінші қабаттан демікпе ауруына шалдыққан ер адамды алып шықты. Құтқарылғаннан кейін ол жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды", – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.
Оқиғаның себебі анықталып жатыр.