$ 487.01  557.87  6.59

Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр мәлім етті.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған.

Мемлекеттер басшылары Ресей Президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 5
Күлкілі 1
Ашулы 0