$ 463.41  546.27  6.18

Бәйтеректің жанына барып, «ұятсыз» фотосессия жасаған жас жігіт изоляторға қамалды

Іс  «Ұзақ бұзақылық» бабы бойынша тергелген.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Астананың бас символы – «Бәйтерек» монументінің жанына барып, бейәдеп суреттерін жариялаған 19 жастағы бозбаланы полиция қолға түсіріп, изоляторға қамады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оның суретін полиция мониторинг арқылы тапқан көрінеді.

«Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 19 жастағы елорда тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді. Полиция оның материалын жинап, тиісті шешім шығару үшін сотқа жіберген. Іс  «Ұзақ бұзақылық» бабы бойынша тергелген», - деп хабарлайды Астана қаласының полиция департаменті. 

Елорда полициясы мұндай әрекеттер қоғамдық нормаларды қорлайтынын және қаланың мәдени әрі маңызды нысандарына ашық түрде құрметсіздік таныту деп бағалады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0