Қайғылы жағдай 9 мамыр күні болған.
Шығыс Қазақстан облысындағы «Востокцветмет» ЖШС-не қарасты Артемьев шахтасында жазатайым оқиға болып, салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы KAZ Minerals компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай 9 мамыр күні болған.
«Алдын ала мәлімет бойынша, жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде шаң мен желдету қызметінің механигі шамамен тоғыз метр биіктіктен құлап, өмірге қауіпті жарақат алған», – делінген хабарламада.
Компания мәліметінше, оқиғаның себептері мен мән-жайын арнайы комиссия анықтап жатыр. Қазір тергеу жүргізілуде.
Жұмыс беруші қаза тапқан адамның отбасына барлық қажетті көмекті көрсететінін мәлімдеді.