Еліміздің көпшілік аймақтарында жауын-шашынсыз, ыстық ауа-райы сақталады, тек батыс, солтүстік-батыс, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, найзағай болады. Кей жерлерде шаңды дауылмен жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет метео қызметі.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел шаңды дауылмен 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында таңертең және күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, Маңғыстау облысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
«Күндіз Атырау, Ақтөбе, Қостанай, облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық күтілед», делінген хабарламада.
Республиканың оңтүстігінде, батыс, солтүстік–батыс, шығыс, оңтүстік-шығыс және орталығының кей жерлерінде өте жоғары өрт кауіпі сақталады.