$ 461.26  542.58  6.18

Алматыда 3 адамның өмірін қиған жол апатын тергеу аяқталды

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов мәлімдеді.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында адам өліміне әкелген жантүршігерлік жол апатына қатысты тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Олег Чернов мәлімдеді.

Қазір тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысу кезеңінде. Осы рәсім аяқталғаннан кейін іс сотқа жолданады.

Еске сала кетейік, 21 наурыз күні таңғы сағат 03:30 шамасында Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылында ірі жол-көлік оқиғасы тіркелген болатын. Zeekr маркалы автокөлік қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes-Benz көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан үш адам қаза тапты.

Осы қайғылы оқиғадан кейін қазақстандықтар аталған іске қатысты сот процесінің ашық әрі әділ өтуін талап етті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0