$ 461.26  542.58  6.18

«Қазцинк» зауытындағы жарылыс: Тағы бір жұмысшы көз жұмды

Қазіргі уақытта аталған жарылысқа байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Биыл 5 мамыр күні Өскемендегі Қазцинк зауытында ірі жарылыс болған еді. Оқиға орнында құтқарушылар екі адамның мәйітін тапса, тағы бірнеше зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілген болатын. Бүгін ауыр жарақат алған қызметкерлердің бірі көз жұмды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Мұрат Нұрбикенов марқұмның денесінің 90 пайызы күйіп кеткенін, тіпті көз жанары да зақымданғанын мәлімдеген еді.

Бүгін компанияның баспасөз қызметі қызметкердің қайтыс болғанын ресми түрде растады.

«Қазцинк» компаниясы 5 мамыр күні болған жарылыс салдарынан ауыр жараланған қызметкердің бүгін түнде қайтыс болғанын өкінішпен хабарлады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған жарылысқа байланысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0